Қарағандыда көпқабатты үйде жарылыс болып, бір адам қаза тапты
Almaty.tv
Қайғылы жағдай 1 маусымда кешкі 20.00 шамасында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қарағандыда көпқабатты үйде жарылыс болып, бір адам қаза тапты. Қайғылы жағдай 1 маусымда кешкі 20.00 шамасында болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алғаш боп байқаған куәгерлер оқиға орнына бірден құтқарушыларды шақырған. Алдын ала болжам бойынша жарылысқа газ баллоны себеп болуы мүмкін. Мамандар көп ұзамай мерт болған адамды тапқан, алайда жеке басы әлі анықталмапты. Бұл оқиғадан кейін басқа пәтерде тұратын 10 адам эвакуацияланған.
«Бес қабатты тұрғын үйдің екі бөлмелі пәтерінде газ-ауа қоспасы жарылған, бірақ ол өртке ұласпады. Оқиға салдарынан тек пәтердің бөлмелері бүлініп, тіреуіш құрылымдары зақымдалмаған», – деді облыстық ТЖД өкілі Вадим Окороков.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34