Өртенген «Қазақфильмді» министр аралап көрді
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өртті сөндіруге қатысқан азаматтарға алғысын білдірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Қазақфильм» киностудиясында орын алған төтенше жағдайға байланысты ҚР мәдениет және спорт министрінің қатысуымен кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz порталына сілтеме жасап.
Министрлік өкілдерімен кездесуге Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Алматы қаласының ІІД және ТЖД өкілдері қатысты.
Кездесу барысында өрт шыққан орындарда тексеру жүргізіліп, жауапты мекемелер өкілдері өрттің пайда болуының себебі мен хронологиясы туралы баяндама жасады. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өртті сөндіруге қатысқан азаматтарға алғысын білдірді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30