Алматы облысында жүк көлігі аударылып кетті

26.04.2021 20:05

Аталған апатқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды

almaty.tv

Алматы облысында ауыр жүк көлігі бірнеше сиырды қағып, аударылып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Апат болған жерде түсірілген видео әлеуметтік желіге тез тарап кетті. Оқыс оқиға Талғар ауданында болған. Салдарынан жүк көлігінің кабинасында отырған 33 жастағы жолаушы тіл тартпай кеткен. Облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша, аталған апатқа қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының үшінші бөліміне сай абайсызда адам өлтіру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.