Жамбылдағы жарылыста зардап шеккен тағы бір әскери қызметкер қайтыс болды
Қоймадағы өртті жоюға кіріскен алғашқылардың бірі болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жамбылдағы жарылыста зардап шеккен тағы бір әскери қызметкер қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қорғаныс министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.
«2021 жылғы 7 қыркүйекте Тараз қалалық ауруханасында 26 тамызда Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында болған өртті сөндіру кезінде алған жарақаттарының салдарынан 28349 әскери бөлімінің әскери қызметкері 1983 жылы туған, капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Ол оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған болатын. Қоймадағы өртті жоюға кіріскен алғашқылардың бірі болған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
14.09.2026 13:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
14.09.2026 17:05
Миды тынықтыруға көмектесетін қарапайым әдістер қандай
13.09.2026 16:35
Жас көрінудің қарапайым құпиялары қандай
13.09.2026 14:15