Жамбылдағы жарылыста зардап шеккен тағы бір әскери қызметкер қайтыс болды

07.09.2021 20:05

Қоймадағы өртті жоюға кіріскен алғашқылардың бірі болған

Жамбылдағы жарылыста зардап шеккен тағы бір әскери қызметкер қайтыс болды, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі Қорғаныс министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

«2021 жылғы 7 қыркүйекте Тараз қалалық ауруханасында 26 тамызда Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында болған өртті сөндіру кезінде алған жарақаттарының салдарынан 28349 әскери бөлімінің әскери қызметкері 1983 жылы туған, капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев қайтыс болды», - делінген хабарламада.


Ол оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған болатын. Қоймадағы өртті жоюға кіріскен алғашқылардың бірі болған.