Талғат Уәлидің мәлімдеуінше, қазір құтқару тобы Төле би ауданындағы Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің аумғаныда із-түзсіз кеткендерді іздестіруде
Түркістан облысында 7 бірдей турист жоғалып кетті. Олардың хабарсыз кеткені туралы хабарлама полиция бөлімшесіне кеше сағат 18:30-да келіп түскен, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қоңырау шалған азаматтың айтуынша, туристер 21 мамырда «Сары-Айғыр» шатқалына жаяу бет алған. Бірақ 24 мамырда үйге оралуы керек болыпты. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің мәлімдеуінше, қазір құтқару тобы Төле би ауданындағы Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің аумғаныда із-түзсіз кеткендерді іздестіруде. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Шымкент қаласынан тікұшақ ұша алмаған. Бірақ, құтқарушылар 37 шақырымға жуық таулы аймақты жаяу аралаған.
«Белгілі болғандай, олар 5 асуға баруды жоспарлағаны туралы хабарлаған. 3 күннен бергі іздестіру жұмыстары қазір нәтижиесіз. Барлық іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінен құтқарушылар және қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардан ұлттық парк қызметкерлері және шекара қызметінен 50-ден аса адам жұмылдырылып, іздестіру жұмыстарын жүргізуде», – деді облыстық ТЖД басшысының орынбасары Ерік Сарыбаев.