Алматы облысында көлік жүргізушісі 18 жастағы жігітті қағып, қашып кеткен

26.10.2021 20:48

Жүргізушінің 18 жастағы жігітті қағып кеткен сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған

Видеодан кадр

Алматы облысында жаяу жүргіншіні қағып, жол жиегінде қансыратып тастап кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Оқиға 25 қазан күні сағат 20.30 шамасында Талғар қаласында болған. Автокөліктің Менделеев көшесінің бойында жүрген 18 жастағы жігітті қағып кеткен сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты.

Жас жігіт оқиға орнында жантәсілім етті. Ал күдіктілер оқиға орнынан тайып тұрған.

«Аталған факт Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі және 347-бабы бойынша Талғар ауданының полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі уақытта жол көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу мен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде», – деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің өкілі Ернар Сайділдин.