Бұл оның алғашқы қылмысы емес екен
Ақтауда ер адам екі әйелді пышақтап тастаған. Оның бірі оқиға орнында қайтыс болып, екіншісі ауруханаға жеткізілді, деп жазды Lada басылымы.
Оқиға сәуірдің 28-нен 29-на қараған түні Ақтаудағы 5 шағын аудан, 28 үйде орын алған. Куәгерлердің айтуынша, бұл оның алғашқы қылмысы емес көрінеді. Ол бұрын да осындай іс бойынша түрмеге отырып шыққан екен.
«Ол рецидивист, бұған дейін қылмыс жасаған. Ол мұның алдында қылмыс жасап, адам өлтіргені үшін жазасын өтеген сияқты. Бірнеше мәрте шу көтеріп, төбелес шығарған. Оның қоғамға қауіпті екені айтылып, үстінен арыз да жазылды, бірақ неге екені белгісіз ешқандай шара қолданылған жоқ», - деді аталған үйдің тұрғыны.
Ал полиция әлі қылмысқа қатысты пікір білдірген жоқ.