Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Қызылордалық полицейлер пәтер тонауды әдетке айналдырған ұрыны ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел әрекет етіп, 31 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді. 4 наурыз күні үй иесінің жоқтығын пайдаланған ол пластик терезе арқылы үйге еніп, бағалы заттармен бірге аңшы мылтығын алып кеткен.
Ұрының ізіне бірден түскен сақшылар алтын жалатылған зергерлік бұйымдар мен мылтықты тауып үлгерді. Оның барлығы айғақ заттар ретінде тәркіленді. Қазір полицейлер күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Күдіктінің өзі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық фактілер бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігі “Ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.