Медеуге баратын жолдағы көлік қозғалысы шектеледі

13.09.2024 20:07

Жедел медициналық жәрдем көліктері мен басқа да шұғыл қызметтер жөндеу жұмыстары кезінде кез келген шектеуден емін-еркін кедергісіз жүре алады

elements.envato.com

Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі көлік қозғалысы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

13 және 14 қыркүйекте сағат 23:00-ден 6:00-ге дейін «Экобекет» аялдамасынан Бейсеуов көшесіне дейінгі аумақта көлік қозғалысы жабылады. Жедел медициналық жәрдем көліктері мен басқа да шұғыл қызметтер жөндеу жұмыстары кезінде кез келген шектеуден емін-еркін кедергісіз жүре алады.

Айта кету керек, ұзындығы 2 км учаске – жөндеуге жоспарланған 6 км көшенің соңғы бөлігі.

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.

Оқи отырыңыз: Алматылықтар қала күнін қалай атап өтеді