Алматы маңында қар көшкіні болды

21.04.2024 20:08

Түскен масса таудың баурайында тоқтады

elements.envato.com

Алматы қаласы Бостандық ауданы, Үлкен өзені алабында қар көшкіні жүрді. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 - Бостандық ауданы Үлкен Алматы өзенінің бассейнінде топырақ аралас қар көшкіні түсті. Массаның көлемі 2000 текше метрге жеткен. Түскен масса таудың баурайында тоқтады. Зардап шеккендер мен қирандылар жоқ, - деп жазды Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram арнасындағы хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Орал қаласында Жайықтағы су деңгейі қауіпті шектен асып кетті