Екі күдіктінің де қолдарына кісен салынды, олар қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды
Бір тәуліктің ішінде Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен тыйым салынған есірткі өсімдіктерін өсірудің екі фактісі анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Екеуі де ҚР ҚК 300-бап 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Еңбекшіқазақ ауданының 26 жастағы тұрғынынан тәртіп сақшылары “Қара сораның” 51 келісін тәркілесе, екінші жағдайда полицейлер 54 түп марихуананы тәркілеп, осылайша есірткі заттарын заңсыз өсірудің кезекті дерегінің жолын кесті. Заңсыз өсімдік “бағын” полицейлер Іле ауданының 54 жастағы тұрғынының үйінің ауласынан байқаған. Екі күдіктінің де қолдарына кісен салынды, олар қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.