Қазір аталған іске қатысты тергеу басталды
Қарағандыда қыстың қара суығында нәрестені далаға тастап кеткен екі адам ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қазір жергілікті полиция қызметі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Еске сала кетейік, үш күн бұрын белгісіз біреу көппәтерлі үйдің дәлізінде жаңа туған сәбидің жатқанын айтқан еді. Құқық қорғаушылармен қатар жедел жәрдем қызметкерлері де оқиға орнына дереу жетіп, баланы дәрігерлер бақылауға алған. Қазір аталған іске қатысты тергеу басталды.
- Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жұмыстардың нәтижесінде шақалақты далада тастап кету дерегі бойынша күдікті 29 жастағы ер адам мен 22 жастағы азаматша ұсталды. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Өзге ақпараттар тергеу құпиялығына сәйкес жариялауға жатпайды, - дейді Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Оқи отырыңыз: Алматыда пәтер ұрлығымен айналысқан топ ұсталды