Жарылыстан 2 адам қаза тапқан еді
Елордадағы дәмханада болған жарылыстан зардап шеккен азаматтар ауруханадан жақында шығарылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазір олардың денсаулығы қалыпты дейді дәрігерлер. Естеріңізге салайық, жақында бас қаладағы кафелердің бірінде газ баллоны жарылып, 2 адам қаза тапқан еді. Отызға жуық адам түрлі жарақат алған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше оқиғаға қатысты әлі сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
«Қазіргі уақытта көпбейінді №1 қалалық ауруханада газ баллондарының жарылу салдарынан зардап шеккен 3 науқас ем қабылдап жатыр. Денсаулық жағдайлы жақсы. Жақын арада үйге шығарылады», – деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардаққызы.