Алматы облысында ер адамды өзен ағызып әкетті

02.07.2021 00:39

Ер адам туристік топпен жүріп, фотоға түсу кезінде қауіпті аймақта аяғы тайып кетіп, суға құлаған

Almaty.tv

Алматы облысында Шарын өзеніне ағып кеткен 37 жасар азаматты құтқарушылар іздестіріп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, бүгін сағат 11.15-те «112» пультіне осындай хабар түскен, деп хабарлайды Almaty.tv

Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін оқиға болған жерге тез арада Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен құралдары, республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары жіберілді. Сондай-ақ, тікұшақ тартылған. Кей дерек көздеріне сәйкес, ер адам туристік топпен жүріп, фотоға түсемін деп суға ағып кеткен.