Баварияда иммигрант 3 адамды пышақтап кетті

BBC
BBC
Полиция оны тапаншадан оқ атып тоқтатқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Баварияның Вюрцбург қаласында бір күн бұрын үш адамды пышақтап өлтіріп, тағы алты адамды жарақаттаған Сомали иммигрантына сенбі күні ресми айып тағылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, барлық қаза тапқандар мен жараланғандар – әйелдер. Қылмыскердің психикалық ауытқуы бар және ол исламның экстремистік бағытын ұстанады. Сенбіде 24 жастағы күдіктіге қатысты сот отырысы өтіп, оған үш адамды өлтіру және алты адамға ауыр дене жарақатын салу айыбы тағылды.

Бір күн бұрын иммигрант әмбебап дүкеннен асүй пышағын ұрлап, дүкеншіні және сол жердегі тағы екі әйелді өлтірген болатын. Содан кейін көшеде және жақын маңдағы банкте бес әйел мен бір баланы жарақаттады.

Полиция оны тапаншадан оқ атып тоқтатқан. Полицейлердің айтуынша, ұсталған адам жақында психиатриялық емдеуден өткен қатыгез және жүйке-жүйесінде ауытқуы бар. Мюнхен мен Франкфурттың арасында орналасқан 130 мың халқы бар Вюрцбургке Бавария қауіпсіздік қызметінің басшысы Иоахим Херрман келді. Ол журналистерге жараланғандардың бесеуінің жағдайы ауыр екенін және «олардың аман қалуы екіталай» екенін айтты.

Полиция хабарлағандай, шабуылдаушы бұрын сотталған, алайда оның бұрынғы қылмыстарының ешқайсысы терроризммен байланысты болмаған.

Новости партнеров