Қазығұртта 2 жасар бала вагон астына түсіп мерт болды

20.12.2020 20:10

Оқиғаның барлық мән-жайын арнаулы құрылған комиссия анықтайтын болады

aikyn.kz

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Қазығұрт стансасында 2 жасар сәбидің вагон астына түсіп мерт болуына қатысты мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бұл ата-ана үшін орны толмас қайғы. Баладан айырылудан асқан қайғы да, қасірет те жоқ. Шынымен де, 2020 жылдың 18 желтоқсанында сағат 16:35-те жүк тасымалының Шымкент бөлімшесіне қарасты Қазығұрт стансасында вагондардың астымен жүрген 2 жасар сәби ауыр жарақаттан мерт болды. Қайғылы оқиға маневр жұмыстары барысында болды. Оқиғаның барлық мән-жайын арнаулы құрылған комиссия анықтайтын болады»,– делінген компания таратқан ақпаратта.