Алматыда пәтер тонауды кәсіп еткен әккі ұрылар құрықталды

15.09.2020 20:10

Тепсе темір үзер жігіттер тұрғын үйлерге терезе арқылы еніп, тек ақша мен бағалы заттарды қолды еткен

Алматыда пәтер тонауды кәсіп еткен әккі ұрылар құрықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар кешкі сағат 20.00-ден кейін Байсейітов көшесінде орналасқан үйлердің біріне ұрлық жасамақ болған кезде ұсталған. Тепсе темір үзер жігіттер тұрғын үйлерге терезе арқылы еніп, тек ақша мен бағалы заттарды қолды еткен. Жымысқы ойларын іске асыру үшін бірінші және екінші қабаттағы үйлерді сырттай бақылаған көрінеді. Ұсталған екі күдікті Алматы облысының тұрғындары.

Қазірдің өзінде ұсталғандардың 25 пәтер ұрлығына қатысты екені анықталып отыр. Із кесушілердің пікірінше, олар тонаған үйлердің саны, шын мәнінде бұдан да көп болуы мүмкін.