Алматы қалалық сотының судьясы Тұрсын Нәбиев қайтыс болды

Алматы қалалық сотының судьясы Тұрсын Нәбиев қайтыс болды
Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қалалық сотының судьясы Тұрсын Нәбиев кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды  Almaty.tv.

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды

«Алматы қалалық сотының судьясы Тұрсын Ясынұлы Нәбиев 62 жасында өмірден озды. Алматы қалалық сотының басшылығы, сот әкімшілері, Судьялар одағының Алматы филиалы және жалпы Алматы соттарының судьялар корпусы атынан отбасына, туыстарына және барлық жақынына көңіл айтамын. Үлкен қайғы мен ауыр сынақ. Спортты белсенді сүйетін, жарқын және мейірімді адам болды», – деп жазды Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын Facebook желісіндегі парақшасында.

Нәбиев Тұрсын Ясынұлы 1958 жылы 3 желтоқсанда дүниеге келген.

1986 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1986 ж. – Талдықорған облыстық сотының судьялыққа тәлімгері,

1987 ж. – Алматы облысы Гвардей аудандық сотының судьясы, төрағасы,

1993 ж. – Алматы облысы Текелі аудандық сотының төрағасы,

1998 ж. – Алматы облыстық сотының судьясы,

2003 жылдан – Алматы қалалық сотының судьясы қызметін атқарған. 

Новости партнеров