Жетісуда тасжолға шығып кеткен жылқы адам өліміне себеп болды

15.09.2023 20:11

Соқтығыстан 44 жастағы ер адам мерт болды

CC0 / Karl Bustamante

Жол апаты 15 қыркүйек күні таңертең Алматы - Өскемен автожолының 136-шақырымында болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

Жолға кенеттен шауып шыққан жылқымен «Honda Element» маркілі көлігі соқтығысқан. 

Соқтығысу салдарынан көлік ішінде отырған 44 жастағы жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Осы іс бойынша полицейлер жылқының иесін анықтау іс-шарасын жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында анасы мен екі баласын өлтіріп, үйімен бірге өртеп жіберген