Қарағандыда 1 жарым жасар қыз ваннадағы суға тұншығып өлді

07.06.2019 20:11

Әкесі қызын шомылдырып жатып, жатын бөлмеге шығып кеткен

Қарағандыда 1 жастағы қыз ваннаға тұншығып қайтыс болды, деп жазады Liter.kz.

Жедел жәрдемді қыз баланың әкесі шақырған. Ол жатын бөлмесіне барып келем дегенше сәби ваннадағы суға тұншығып қалған.

Полицейлер қазір тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ анасының ол уақытта қайда болғаны да анықталуда.

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«ҚР ҚК 141-бап 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды», – дейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.