Көкшетауда үйдің шатыры құлап, қария көз жұмды

06.10.2021 20:11

Жеке үй 1950 жылы салынған

Сурет: видеодан алынды

Көкшетауда жеке үйдің шатыры құлап, қария көз жұмды деп, хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Қайғылы оқиға 6 қазанда сағат 00:48-де болған. Апат салдарынан 1958 жылғы үй иесі көз жұмды. Үй 1950 жылы салынған, жалпы ауданы 120 шаршы метрді құрайды. Апат 15 шаршы метр болатын бөлмеде болған. Үйдің басқа бөлмелері зақымданбаған. Шатыр екі сүйем бойынша ағаштарға бекітілген, үй қабырғасы шлакоблоктан тұрғызылған, үй апаттық жағдайға жатпайды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқыс оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 2 техникасы мен 9 қызметкері жұмыс істеді.