ШҚО-да өрттен бес адам көз жұмды

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Өрттің таралу аумағы – 145 шаршы метр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Соңғы тәулікте Шығыс Қазақстан облысында өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамау салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтме жасап.


Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Өскеменде «Металлург-2» саяжай қоғамындағы тұрғын үйде өрт сөндірушілер 30 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірген. Оқиға салдарынан 1960 жылғы ер адам қаза тапты. Серебрянск қаласында өрт сөндірушілер тұрғын үйде 130 шаршы метрге тараған жалынмен күресті. Оқиға салдарынан 1985 жылғы ер адам көз жұмған. Риддерде өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенше, жалын үйдің қабырғалары мен шатырына, шаруашылық құрылыстың ағаш конструкцияларын шарпыған. Өрттің таралу аумағы – 145 шаршы метр. 

Үйдің ішінен 1934 жылғы әйел мен 1959 және 1994 жылғы екі ер адамның денесі табылған. Тұрмыстық өртке көбіне үй иелерінің өздері кінәлі болып жатады. Олар темекі шегеді, электржылытқыш құралдарын және басқа заттарды пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайды.


Новости партнеров