Степногорскіде өрттен бес жасар бала көз жұмды
Пресс-служба департамента по чрезвычайным ситуациям Акмолинской области
Өрттің себебі анықталып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Степногорскіде өрттен бес жасар бала көз жұмды. Оның ата-анасы үйден екі баланы ғана алып шығып үлгерді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Ақмола облысында Степногорск түбіндегі Байқоныс ауылында таңғы сағат жетіде болған.
«85 шаршы метр аумақтағы екі пәтерлі үйден өрт шықты. Бұл үйде бес адам тұрған. Отағасы әйелі мен екі баласын құтқарып қалды. Өкінішке қарай, 2016 жылы туған үлкен ұлы көз жұмды. Күйік шалған ер адам ауруханада жатыр», – деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт сағат 07.14-те оқшауланып, 07.46-да сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге ТЖМ алты қызметкері мен бір техника жұмылдырылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
16.09.2026 20:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
17.09.2026 09:04
17 қыркүйекке арналған валюта бағамы
17.09.2026 09:17
16 қыркүйекке арналған валюта бағамы
16.09.2026 09:37