Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында 3 жас жігіт мешітте ажал құшты

Фото cabar.asia
Фото cabar.asia
Алдын ала болжам бойынша, олар иістеніп қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Марқұмдардың жасы 20-дан енді ғана асқан. Бірі мешітте от жағушы болып жұмыс істесе, екеуі – ауыл тұрғыны. Алдын ала болжам бойынша, олар иістеніп қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Боран салдарынан жарық сөніп, жылыту пешін дизельді генератор арқылы іске қосыпты. Артынша-ақ, олардың сұлқ жатқан денелерін мешіт жамағатының бірі көріп, хабарлаған. Ауруханаға жеткізілгенімен, жігіттер есін жимастан жан тәсілім еткен.

«Мешітте сұлқ жатқан үшеуін өз көлігімен ауруханаға жеткізген жергілікті азаматтың айтуынша, жігіттер уланып қалған. Ауруханаға әкелгенде олардан биологиялық өлім белгілері байқалған. Сондықтан ешқандай медициналық көмек көрсетілмеді. Бірден полиция шақырылды. Олардың неден қайтыс болғанын сот-медициналық сараптамасы көрсетеді», - деді Х.Мақажанов атындағы облыстық ауруханасы ахуалдық орталығының меңгерушісі Ерік ШОНБАЕВ.

Новости партнеров