Алматыда тұрғын үйлерді дезинфекциялаудың 21-кезеңі басталды

04.06.2020 20:13

Қала аумағында 64 бригададан құралған 444 адам күні-түні аянбай еңбек етуде

almaty.tv

Алматыда тұрғын үйлерді дезинфекциялаудың 21-кезеңі басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала аумағында 64 бригададан құралған 444 адам күні-түні аянбай еңбек етіп жатыр. Тұрғын үйлердің кіреберісі адам ең көп өтетін орын болғандықтан, ондағы есіктер мен тұтқалар және баспалардың түрлі вирустардан таза болуы маңызды. Белсенді жұмыс жүргізудің нәтижесінде қауіпті ошақтардың саны да азайып келеді. Қала бойынша 8 жарым мыңға жуық көпқабатты үй мен 4 мыңнан астам аула бар.

«Бір кезеңде 7,5 мың подъезд, 1,5 мыңға жуық аула, 2 мыңнан астам көпқабатты үйге дезинфекция жұмысын жүргіземіз. Үйлердің подъезінде графигі, қай кезде қай күні өткізілетіні туралы хабарландыру ілініп тұр. Тұрғындар  алдын-ала ескертіледі», – деді  қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Жандос ҚАЙЫРХАНОВ.

«Қаладағы жүргізіліп жатқан дезинфекциялық жұмыстар қаланың бас санитар дәрігерінің негізгі қаулысымен уақытылы әрі кесетеге сай жүргізілуде. Мәселен, ондағы қаулыда бекітілгендей, тұрғын үйлерге дезинфекциялық жұмыстар бір аптада 2 рет жүргізілсе, ал, қаладағы қауіпті ошақ саналатын мекендерге күнделікті жүргізіп жатырмыз. Дезинфекция кезіндегі химиялық дәрілердің қауіптілігі 4 және 5 дәрежесінде саналады. Маман ретінде бұл адам ағзасына қауіптілігі жоқ екенін мәлімдеймін», – деді  қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Владимир ЮСУПОВ.