|
05.06.2019 | 19:38
2531

Тек қана әйелдерді тонаумен айналысқан ұры қолға түсті

Әзірге оның кесірінен 8 қыз-келіншектің зардап шеккені белгілі болды

Тек қана әйелдерді тонаумен айналысқан ұры қолға түсті фото из открытых источников

Полицейлер 30 жастағы жігітті кезекті құрбанының құнды заттарын алып қашып бара жатқан жерінен ұстаған. Сөйтсе, әлгі бұзақы 8 бірдей қыз-келіншекті ұрып-соғып, сөмкесі мен ұялы телефонын тонапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Күдікті арам пиғылын тек қас қарайғанда жүзеге асырып отырған. Түн ішінде көпқабатты үй аулаларында жалғыз келе жатқан қыз-келіншектерді тарпа бас салып, сөмкелерін алып қашқан. Оның тек бір адамға келтірген шығыны шамамен 150 мың теңге төңірегінде екен. Қазір әйелдерге сес көрсеткен қаскөй тергеу абақтысында отыр.

«ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабының нормалары бойынша 3 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру мерзімі көзделуде. Бірақ бұл азаматтың қолынан бірнеше қылмыстың орын алуы жазасын ауырлатуы мүмкін. Қазірдің өзінде одан зардап шеккен 8 адам анықталып отыр, бұл тізім көп болуы мүмкін. Сондықтан, біз оның аты-жөнін, бет-бейнесін жариялап отырмыз. Егерде сол бойынша, таныған-білген, зардап шеккендер болса, Алматы қаласы бойынша, 298-52-80 және 298-52-82 телефондары арқылы бізге хабарласа алады», – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир