Оның денесін құтқарушылар келгенге дейін жағалаудағы демалушылар судан алып шыққан
Маңғыстау облысындағы Сайын Шапағатов ауылында ер адам суға батып кетті. Бұл туралы облыстық ТЖД жедел құтқару жасағының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды «Лада».
Оқиға 8 маусымда Түпқараған ауданына қарасты Сайын Шапағатов ауылының маңындағы су қоймасының жағалауында болған. Қайғылы жағдай туралы хабар 20:40-та түскен.
«Демалушылар 1995 жылғы жігіттің денесін құтқарушылар келгенге дейін судан алып шыққан», – деді жедел құтқару жасағының өкілдері.