Полицейлер өрт шыққан баспанадан отбасын аман алып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Түркістан қалалық Полиция басқармасының инспекторлары саға 6:00 шамасында қызметте жүріп, шырт ұйқыда жатқан үйдің отқа оранып жатқанын байқаған. Өрт сөндіру қызметін шақырып, полицейлер көмекке асығады. Басын қатерге тіккен қызметкерлер көк түтіннен ана мен екі баланы алып шығады. Артынша өрт сөндіру қызметі жетіп, өртті сөндірген. Белгілі болғандай, тілсіз жау электр сымдарының тұйықталуынан болған. Бүгінде мамандар тексеру жүргізіп жатыр.
– Тез қимылдап, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, үйдегі баласы мен анасын сыртқа дереу алып шықтық. Қазіргі таңда келіншектің жағдайы бірқалыпты, балалары қасында. Біздің қызмет – халыққа қызмет ету, – деді қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция инспекторы Бағлан Жүнісов.
Оқи отырыңыз: Түркістанда балабақша көлігі қаққан бала көз жұмды