Оқ-дәрілердің жарылуына байланысты өрт сөндірушілер оларға жақындау мүмкін еместігін жеткізген
От жақын маңдағы ТЖО, асхана және 8 жеке тұрғын үйдің шатырына ұласып, алапат өртке айналды.
Қару-жарақ дүкенінің иесі жанып жатқан ғимараттың жертөлесінде 2 адам қалып кеткенін айтты, бірақ оқ-дәрілердің жарылуына байланысты өрт сөндірушілер оларға жақындау мүмкін еместігін жеткізген.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді.
Өрт орнында жоғары деңгейдегі дабыл белгісі бойынша облыстық ТЖД-ның жеке құрамының 40 адамы мен 12 техникасы жұмыс істеп жатыр.