|
13.10.2023 | 15:13
9249

Сәкен Майғазиев жол апатына ұшырады

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жариялады

Сәкен Майғазиев жол апатына ұшырады   sn.kz

"МузАрт" тобының әншісі Сәкен Майғазиев Сарыағашқа бара жатқан жолда апатқа ұшырады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv

"Жолда сақ болыңыздар! Бір Алла қақты! Сарыағашқа бара жатыр едік. Осындай жағдай болды. Бәрі жақсы болсын. Бәле-жаладан сақтасын. Абайлап, асықпай жүріңіздер! Жол тар, көлік көп. Бір-бірімізді басып озамыз деп оңбай қалдық. Алла жар болсын. Аман қалғанымызға Аллаға шүкір", – деді Сәкен Майғазиев.

Әншінің өміріне алаңдап, көңілін сұраған тыңдармандар өте көп болды. 

"Тілектес жандарға мың алғыс! Ең бастысы, аманбыз. Сарыағашқа барып ән кешімізді өткізіп, салтанатты тойға қатысып, аман-есен Шымкентке оралдық. Алла осылай сабақ беріп, сынап қояды, аман болайық!" - деді ол.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир