Алматыда генерал-майор Талғат Нұрмағамбетов дүниеден озды

19.05.2020 23:35

Генерал-майор 67 жасында ұзақ сырқаттан көз жұмды

Алматыда еліміздің Қарулы күштерінің зейнеткері, медициналық қызмет генерал-майоры Талғат Нұрмағамбетов 68 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Almaty.tv.


Бұл туралы «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметі хабарлады. Талғат Сағадатұлы өзінің әскери мансабында взводтан бастап, полктың, сонымен қатар батальонның медициналық қызметін басқарды. Сонымен қатар, ол танк дивизиясының, әскер корпусының  медициналық қызметіне де басшылық етті. 

Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жою кезінде қауіпіті аймақта тер төкті. Отанына қызмет еткен жылдары бірнеше мәрте КСРО-ның және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ие болды. Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.