Алматыда ащы су ішкен ер азамат ТЖО-да бір адамды пышақпен жаралаған

10.09.2020 22:28

Алдын ала мәлімет бойынша күдікті Жамбыл облысының тұрғыны екен

almaty.tv

Алматыда ащы су ішкен ер азамат техникалық жөндеу орталығында бір адамды пышақпен жаралаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық полиция департаменті мамандарының хабарлауынша, оқыс жағдай 9 қыркүйекте Әуезов ауданында болған. Дене жарақатын алған азамат бірден жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша күдікті Жамбыл облысының тұрғыны екен. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.