СҚО-да 94 адам қар құрсауынан құтқарылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Кеше кешкі уақыттан бастап облыс жолдарының барлық бағыттары бойынша жеңіл және жүк көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Қазақстанда толассыз жауған қар мен желдің күшеюі көлік қозғалысын қиындатқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кеше кешкі уақыттан бастап облыс жолдарының барлық бағыттары бойынша жеңіл және жүк көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылған еді. Соған қарамастан жолға шығып қар құрсауында қалған 94 адам, оның ішінде 9 бала құтқарылды. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 34 көлікті эвакуациялады. Ал, 18 ақпан сағат 17:15-те төтеншеліктерге Тайынша ауданындағы Мақашевка ауылынан 1 жарым шақырым қашықтықтағы Құмдыкөл көлінің маңында 1983 жылы туған балықшы жоғалды деген хабарлама түскен. Ол таң ата аман-есен табылған. Ал Есіл ауданына қарасты Бірлік ауылында да 7 жасар бала адасып қалған. 

«Ауа-райының қолайсыздығын ескере отырып, әсіресе ай далада, біз қар үстінде жүре алатын техниканы жіберуге шешім қабылдадық. Аудандық полиция бөлімінің техникасы да тартылды. 30-дан астам ауыл тұрғыны да іздестіру жұмсыстарын қатысты. Кешке біз оларды Есіл өзенінің жағалауынан таптық. Жағдайларын тексеру үшін оларды аудандық ауруханаға жеткізді», – деді облыстық ТЖД басшысы Рамиль Камалов.

Новости партнеров