Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз
17 шілдеде сағат 09:00-ден 19 шілде күні сағат 09:00-ге дейін Алмалы ауданындағы көлік қозғалысы Манас көшесімен Шевченко көшесінен Абай даңғылына дейін жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы жылу желілері» ЖШС сілтеме жасап.
Алдағы жылыту маусымына жылумен жабдықтау желілерін дайындау жөніндегі іс-шаралар шеңберінде магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz, @AlmatyJoly Telegram-арнасы мен сайтта орналастырылған, сондай-ақ аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, «2GIS» пен «Яндекс карталар» сервистерінде бар.
Кешірім сұрай отырып, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Оқи отырыңыз: Петропавлда 3 жастағы қызды көлік қағып кетті