Марқұмның қазақ өнеріндегі орны ерен.
«Азия дауысы» фестивалін құрған әйгілі Мұрат Ерғалиев коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Мұрат Ерғалиев «Азия дауысы» фестивалінің, «Жас қанат» конкурсының, одан бөлек бірнеше музыкалық байқаудың ұйымдастырушысы әрі жетекшісі болған. Марқұм 63 жасында өмірден озды. Мұрат Ерғалиевтың коронавирус инфекциясынан қайтыс болғаны хабарланып отыр.
«Мұрат Ерғалиев бақилық болды. Бір ай бұрын қарындасы о дүниеге аттанып еді. Енді өзі де Қазақстанның музыкасында үлкен із қалдырып кете барды», - деп жазды Тәңірберген Бердіоңғар Facebook парақшасында.
Қайғылы жағдай туралы мәліметті ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі растады.