«4 адам қаза тапты»: Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болды
3 жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түркістан облысы Келес ауданында жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға «Жетісай-Жібек жолы» бойында орын алған. Полицейлердің анықтауынша, Шымкентке бет алған «Ауди-100» маркалы көлігі қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, «Киа» автокөлігіне соқтығысқан. Жол апатының салдарынан 3 жолаушы оқиға орнында қаза тауып, бір адам ауруханада көз жұмды. «Киа» маркалы автокөліктегі тағы 3 жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
«Қазіргі таңда аталмыш жайт Келес АПБ-не ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабымен тіркеуге алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Күдікті азамат қамауға алынды», - делінген хабарламада.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
13.10.2026 08:13
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері екі есе өсті
12.10.2026 13:10
Қысқа видеолардың бала миына кері әсері бар ма
12.10.2026 13:51