Тілсіз жау: Астанада өрт шыққан көп қабатты үйден 9 бала құтқарылды
Almaty.tv
Қызыл жалын 40 шаршы метрді жалмаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Астанада көп қабатты үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шығып, төтеншеліктер 13 адамды құтқарған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның 9-ы - балалар. Қызыл жалын кеше кешкісін тұтанып, 40 шаршы метрді жалмаған. Пәтердегі жиһаздар да толығымен өртеніп кетіпті. Қою түтін бүкіл кіреберісті алған соң құтқарушылар сол қабаттағы барлық пәтер тұрғындарын эвакуациялапты. Тілсіз жауды сөндіруге 20 маман мен 5 техника жұмылдырылған. Оттан зардап шеккендер жоқ. Балалар да дін аман. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
«Өрттен зардап шеккендер мен опат болғандар жоқ. Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды ескертеді, қарапайым өрт қауіпсіздік ережесін сақтаңыздар», – деді ТЖД баспасөз хатшысы Аягөз Фазылова.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
05.10.2026 12:35
Шерзод Давлатов дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
05.10.2026 09:24
Елімізде көлік жүйесі қалай өзгеріп жатыр
05.10.2026 09:45