Қазақстан аумағында тағы да жер сілкінді
Фото: ашық дереккөзден
Кеше Қазақстан аумағында 4,6 балдық жер сілкінісі тіркелген еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
ҚР ТЖМ қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 5 шілде күні Алматы уақытымен 8 сағат 20 минутта және 11 сағат 08 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 771 км қашықтықта, Қазақстан аумағында және оңтүстік-батысқа қарай 586 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,1 және 10,4, магнитудасы – 4,6 және 4,7. Жерасты дүмпуі 20 және 50 километр тереңдікте болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ. Кеше Қазақстан аумағында 4,6 балдық жер сілкінісі тіркелген еді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
26.10.2026 09:15
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05