Түркістан облысында Қазпошта кеңсесі өртке оранды

06.12.2020 20:16

Тілсіз жаумен күреске ТЖД 14 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылған

МЧС РК

Түркістан облысының Кентау қаласында «Қазпошта» АҚ бөлімшесінен өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«5 желтоқсанда сағат 22:58-де «101» пультіне Кентау қаласында үш қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған «Казпочта» АҚ кеңсесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен бойда, қоймада қағаз жанып жатқаны анықталды. Жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыды. От сағат 23:20-да оқшауландырылып, 23:30-да толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталуда», – деді Т.Уәли. 

Тілсіз жаумен күреске Түркістан облысы ТЖД 14 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылған.