Қарағанды облысында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

24.01.2020 20:16

Ақпаратты «Қазақстан Темір Жолы» баспасөз қызметі растады

tengrinews.kz

Қарағанды облысының Қарабас бекетінде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті. №108 «Нұр-Сұлтан – Жезқазған» бағытында қатынайтын пойыздың төрт вагоны жолдан ауытқыған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оқыс жағдай кеше түнде орын алды. Жеке меншік компания тасымалдайтын пойыздың 16 вагонында 683 жолаушы болған. Абырой болғанда, бәрі дін-аман. Жағдайды қалыпқа келтіру үшін жолға қосымша вагондар тартылыпты. Темір жол мамандары қазір жағдайдың оңалып, жолдар ашық екенін мәлімдеді. Олардың сөзінше, төтенше жағдай ауа райының қолайсыздығынан, яғни қатты боранның салдарынан туындаған.