Алматыда «Медеу» БТСК-ға дейінгі жол учаскесі жабылады

elements.envato.com
elements.envato.com
Жөндеу жұмыстары 27,28 тамыз аралығында жүргізіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Керей-Жәнібек хандары көшесінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Мәселен, 23:00-ден 27 және 28 тамызда 06: 00-ге дейін қозғалыс «Ақбұлақ» бұлағынан селден қорғау құрылымдары мен «Экопост» аялдамасына дейінгі учаскеде жабылады.

Жабылатын учаскенің ұзындығы-2,4 км. Айта кету керек, осы көшенің тағы 2 шақырымын жөндеу жоспарланған. Кейін  жабылатын  жол учаскелерінің  күндері мен уақыты туралы қосымша хабарланатын болады

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер қойылады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат  Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2gis сервисінде орналастырылған.

Новости партнеров