Ол жартасқа қалай көтеріліп, көмек күткенін айтты
Шарын шатқалында жоғалған 11 жастағы оқушы болған оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Stan.kz-ге сілтеме жасап.
ТЖМ қызды құтқаруға қатысты видео жариялады. Ол жартасқа қалай көтеріліп, көмек күткенін айтты.
«Жаңбыр басталды, біз бәріміз сыныптастарымызбен тығылдық. Содан кейін жауын қатты құйды, біз тастарға жармасып тұрдық. Тас біздің бәрімізді ұстай алмады. Жай ғана жатып қалдым», – деді құтқарылған мектеп оқушысы.
Оқушы қыз суға ағып кеткеніне қатысты ештеңе есінде қалмағанын айтады.
«Тастың бір жағын ұстап, оған шығып алдым. Сол жерден мен жартасқа өрмелеп шықтым, басында шыға алмадым, бірақ содан соң қолымнан келді», – деді қыз.