Жамбыл облысында бүтін бір ауылды су шайып кете жаздады

14.01.2021 01:47

Төтенше жағдай қардың еруінен болған

Almaty.tv

Жамбыл облысы Талас ауданында бүтін бір ауылды су шайып кете жаздады. Кеше кешкі сағат 18.00 шамасында басталған төтенше жағдай қардың еруінен болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға Майтөбе ауылына қарама-қарсы жатқан Қаратау қарының еруінен орын алған. Ағын судың пайда болу себебі күннің күрт жылып кетуінен, сонымен қатар жауын-шашынның қатты жауып тұруына байланысты болды, дейді төтеншеліктер. Табиғи апатты ауыздықтау үшін, облыстық маңызы бар автомобиль жолының маңынан арық қазу арқылы Билікөл көліне суды бұру жұмыстары жүргізілген. Жергілікті атқарушы органнан 15 адам, 4 жеңіл техника, 1 экскаватор және аудандық төтенше жағдай бөлімінен 6 жеке құрам мен 2 техника жұмыс істеп жатыр.