Жетісу облысында 39 адам қар құрсауынан құтқарылды

14.01.2024 20:19

Жолда қалған автокөлік иелеріне көмек көрсетілді

Фото: Victor Glutsenko

Алакөл ауданы аумағында ақтүтек боран соғып, жол жүруге шектеу қойылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Жетісу облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үшарал - Достық бағытындағы республикалық автожолы кешеден бері көліктің барлық түрі үшін жабық тұр. Соған қарамастан алыс жолдан келе жатқан немесе ескертуді елемей жолға шыққан көліктер жолда қалып, құтқарушылардың көмегіне жүгініп жатыр.

Қазірге дейін Алакөл ауданы аумағында жолда қалған 49 автокөлікке көмек көрсетілді.

- Қар құрсауында қалған 39 адам құтқарылды. Оның ішінде Достық стансасына баратын автобусқа мінген Беларус республикасының 15 азаматы бар. Адамдар аман, медициналық көмекке жүгінбеді, - деп хабарлады Жетісу облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Астана әуежайында 11 рейс кешіктіріліп, үшеуі тоқтатылды