Екібастұзда сыраға мас болған жасөспірім қыз әжетханаға түсіп кеткен

27.08.2019 20:19

Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен шұғыл қызмет мамандары барған

Павлодарда кәмелет жасына толмаған жасөспірім қыз әжетханаға құлап кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік Полиция дептарментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 тамыз күні кешкі сағат 19.30-да Павлодар облысы жол полициясына Екібастұз қаласындағы Шахтер саябағында жасөспірім қыздың әжетханаға түсіп кеткені туралы хабар келіп түскен.

Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен шұғыл қызмет мамандары барған.

Белгілі болғандай 2004 және 2003 жылғы кәмелет жасына толмаған қыздар сыра ішкен соң, Шахтер саябағына серуендеп қайтуға кеткен. Аз уақыт өткен соң жасөспірімдердің бірі әжетханаға барған. Ол әжетханада көзілдірігін түсіріп алған. Сол көзілдірікті аламын деген сәтте, өзі де әжетхнаға құлап кеткен

Оқиға орнына қыздардың ата-аналары шақырылған. Оқушы қыз мамандар көмегімен құтқарылған.

Сараптама нәтижелері жасөспірімдердің мас күйде болғанын көрсеткен.

Аталған оқиға бойынша қыздардың ата-атаналарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олар ҚР ӘҚК 440 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен бірге кәмелет жасына толмаған жасөспірімге спирттік сусын сатқан дүкен иесі де жауапкершілікке тартылатын болады.