Алматыда 2 жасар баласын ұрған өгей әке жайлы тың деректер шықты

26.09.2019 21:49

Күдікті баланы көшеде ұрып-соғып, үйге дейін 300 метр сүйреп апарған

Алматыда 2 жасар баланы өлімші етіп сабаған өгей әке оны ауруханаға өзі әкелген. Бұл туралы еліміздің ішкі істер министрлігі хабарлады. Күдікті бүлдіршінді көшеде ұрып-соғып, үйге дейін 300 метр сүйреп апарған көрінеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кейін есінен айырылғанын көргенде ауруханаға апарыпты. 1985 жылғы азамат баланың шешесімен азаматтық некеде тұрған. Отбасы Алматы облысынан Алматыдағы Алатау ауданындағы «Көкқайнар» шағынауынданына бір ай бұрын көшіп келіп, пәтер жалдап тұрған

Теги: отчим