Жағдайдың мән-жайы анықталуда
Алматы ПД баспасөз қызметі мектеп қызметкерлері түсіп қалған бейнероликке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Бұл факті бойынша Алатау аудандық полиция басқармасына арыз келіп түсті. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізілуде. Алда заңға сай шаралар қолданылады», – деп хабарлады Алматы полициясының баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, желіде №160 мектептің дене шынықтыру мұғалімі мен меңгерушісі мас күйде болып, мектептің жанында ойнап жүрген балаларға тепкен сәтінің видеосы пайда болды.