Теңіз кен орнында жарылыс болып, 2 адам қаза тапты

06.07.2022 20:20

Үш адам жарақаттанды

ашық дереккөз

Бүгін таңертең Атырау облысында Теңіз кен орнында жарылыс болып, салдарынан екі адам қаза тапты, жарақат алғандар бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«6 шілде күні сағат 09:55 шамасында Жылыой ауданында орналасқан Теңіз қалашығында құбыр жарылып, соның салдарынан 1985 жылы туған екі қызметкер қайтыс болды. Үш адам жарақаттанды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - деді Атырау облыстық полиция департаментінен.

Жарылыс кен орнындағы атмосфералық газы бар құбырда гидротест жүргізілген кезде болған.  

Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 156-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.