Каспий теңізінде жүргізуші экскаватормен өнер көрсетті

29.08.2023 20:21

Қоғамдық тәртіпті бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

Сурет: Ашық дерек көзінен

28 тамызда Каспий теңізіне экскаватордың кірген видеосы әлеуметтік желіге тарады. Жағдайға қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.  

-Ақтау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтады. 29 жастағы жергілікті тұрғынға ҚР ӘҚБтК 593 және 620-бап бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды, делінген баспасөз мәлімдемеде.

Ақтаулық жүргізушімен заңбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірмелік жұмыс жүргізілді.

Оқи отырыңыз: Алматыда жаңа фудхолл пайда болады